Периоперационная защита трансплантата при аутодермопластике гранулирующих ран
Технологиялық прогресcтің жылдам даму қарқынына байланысты термиялық жарақатқа байланысты науқастарды госпитализациялаудың артуы күтілуде. Жарақат салдарынан болған тері ақаулары бар науқастарды емдеу нәтижелерін жақсарту да зерттеу өзекті болып қала бермек.Зерттеу мақсаты: түйіршікті жараларды ыдыратылған аутотеріжамау барысындағы полипропиленді тор қолдану мен жараға отадан кейінгі күтім жүргізу арқылы тері трансплантатын периоперациялық қорғау алгоритмінің тиімділігін бағалау.Әдістері. Рандомизацияланбаған бақылаулы зерттеуге 100 науқас қатыстырылып, қатысушылар екі топқа бөлінген: негізгі топтағы 50 сырқатқа түйіршікті жараларды ыдыратылған аутотеріжамау барысындағы полипропиленді тор қолдану мен жараға отадан кейінгі күтім жүргізу арқылы тері трансплантатын периоперациялық қорғау алгоритмі, ал салыстыру тобындағы 50 науқасқа дәстүрлі антисептикті дәкелі таңғыштар қолданылған.Нәтижелері. Негізгі топта 96% жағдайда отырғызылған тері қиындысының толықтай тұрақтанғаны орын алса, салыстыру тобында 76% сырқатта ғана байқалды (χ2=6,728; p=0,01). Отырғызылған тері қиындысының алғашқы көлеміне шаққанда негізгі топта 96,06±0,2% болса, салыстыру тобында - 77,34±0,33% (t = 48,51; р<0,05) құрады.Қорытынды. Ұсынылған түйіршікті жараларды ыдыратылған аутотеріжамау барысындағы полипропиленді тор қолдану мен жараға отадан кейінгі күтім жүргізу арқылы тері трансплантатын периоперациялық қорғау алгоритмі емдеу нәтижелігін жақсартатын технология деп тұжырымдаймыз.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 32-37
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov