Central AsianResearch Index

Arthrodesis of the I Metatarsophalangeal Joint in the Treatment of Hallux Rigidus

Таралуы жиілігі мен функционалдық маңыздылығы I табан сүйегі-бақайшық буыны (ТСББ) остеоартритін емдеудің өзектілігін анықтайды. Науқастың қозғалысын шектеу арқылы өмір сапасын айтарлықтай нашарлататын hallux rigidus-тың мүгедектік сипатын ескере отырып, оның себептері мен емдеу әдістерін үздіксіз зерттеу маңызды болып қала береді.Зерттеудің мақсаты: Артроздың III-IV дәрежесіндегі емдеу нәтижесін бағалау және I ТСББ артродезінен кейін табанның алдыңғы бөлігінің функционалды тұрғысынан жақсару тиімділігін анықтау.Әдістері. Бұл ғылыми мақалада I ТСББ артрозы бар 99 науқас зерттелді, оның ішінде 69 әйел және 30 ер адам болды. Барлық науқастарда III-IV дәрежедегі метатарсофалангиальды буын артрозы және қарқынды ауырсыну синдромы болды. Идиопатиялық нысаны бар науқастардың саны - 77 адам, сондай-ақ екіншілікті ревматоидты артриті бар 17 науқас және подаграсы бар 1 науқасты құрады, ал 4 науқас жарақаттан кейінгі жағдайда болды. Нәтижелерді зерттеу клиникалық және рентгенографиялық деректерді қолдану арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, ВАШ және AOFAS рейтингтік екі шкаласы қолданылды.Нәтижесі. ВАШ және AOFAS шкалаларын қолдана отырып, отаға дейінгі және одан кейінгі ауырсыну деңгейін өлшеу және науқастардың жағдайын бағалау үшін сауалнама жүргізілді. Нәтижелер барлық 99 науқастағы ауырсыну деңгейі орташа есеппен 8,7-ден 0,5 баллға дейін төмендегенін көрсетті. Сондай-ақ, AOFAS шкаласы бойынша балл 34-тен 87-ге дейін жақсарды. Қатысушылардың көпшілігі (77 адам) нәтижелерді "керемет" деп бағалады, ал 22 науқас нәтижені "жақсы" деп бағалады. "Қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз" бағалаулар анықталған жоқ.Қорытынды. Артродез - бірінші ТСББ емдеудің тиімді әдісі, бірақ оның артықшылықтарымен бірге асқыну ықтималдығын қарастырған жөн.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 26-31
Язык
Английский
Цитирований
1
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov