Лечение перипротезных переломов бедренной кости после тотального эндопротезирования тазобедренного сустава. Обзор литературы
Жамбас сүйегінің перипротездік сынықтары – жамбас буынының бастапқы және ревизиялық эндопротездерінен кейінгі күрделі проблемалық асқыну. Бұл сынықтар адам денсаулығының нашарлауына, өлім көрсеткішінің жоғарылауына, жиі функционалдық қалпына келудің толық жүрмеуіне әкеліп соғады.Бұл шолудың мақсаты – жамбас буынын толық эндопротездеуден (ЖБТЭ) кейін проксимальды жамбас сүйегінің перипротездік сынықтарының (ЖСПС) пайда болуына ықпал ететін факторлар мен олардың жиілігін зерттеу.Мақсатқа жету үшін ЖСПС-пен, қауіп факторлары мен жиілігімен байланысты жарияланымдармен танысу мақсатында MEDLINE және EMBASE деректер базаларынан жан-жақты медициналық әдебиет іздестірілді.Зерттеу ЖСПС-ның ота үстіндегі, отадан кейінгі де жайттары үшін алғашқы ЖБТЭ-ден кейінгі ЖСПС жиілігі ревизиялыққа қарағанда төмен екенін көрсетті. Ота үстіндегі сынықтар жиілігі 0,1%-дан 27,8% дейін, ал отадан кейінгі сынықтар 0,07%-дан 18%-ға дейін болады. Остеопороз, ревматоидты артрит, операциялық емнің хирургиялық техникасы, цементсіз аяқтың қолданылуы және жамбас буынының ревизиялық артропластикасы ота үстіндегі ЖСПС-ға әкелуі ықтимал факторлар саналады. Отадан кейінгі ЖСПС жағдайында елеулі қауіп факторлары: егде жас, әйел жынысы, жарақаттан кейінгі остеоартроз, остеопороз және ревматоидты артрит, бүлінген жамбас буынына ота жасалуына әкеп соғатын жамбас сүйегінің проксималды бөлігінің деформациясы, имплантат типі (цементсіз аяқ пен пресс-формалар).
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 4-11
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov