Central AsianResearch Index

Лечение переломов вертлужной впадины: Обзор литературы

Ұршық ойығының сынықтары өте күрделі сынықтардың бірі болып табылады және оны емдеу травматолог-ортопед дәрігерлер үшін қиын мәселе болып табылады. Ұршық ойығы сынықтарын хирургиялық емдеу туралы алғашқы деректер 1943 жылы жазылған болатын. 1964 жылы R.Judet, J.Judet және E.Letournel ұршық ойығы сынықтарын емдеуге арналған хирургиялық кескіндер мен классификация жүйесін сипаттайтын белгілі мақаласы жарық көрген. Аталмыш ілімі ұршық ойығы сынықтарын хирургиялық бекітуден кейінгі клиникалық нәтижелерге айтарлықтай ықпал етті. Letournel 1980 жылы 80% жақсы және үздік нәтижелер көрсетсе, Matta 2012 жылы хирургиялық емнен кейін 79% жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Letournel ақыры дәлелдегендей, сынықтың анатомиялық репозициясы клиникалық нәтижені болжауға мүмкіндік беретін ең ықпалды фактор болып табылады. Соңғы жылдары жамбас және ұршық ойығы хирургиясында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Дегенмен, бұл жетістіктерге қарамастан, мамандар әлі де ұршық ойығы сынықтарын хирургиялық емдеудегі нәтижелерді жақсарту үшін аянбай еңбек етуде.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 25-31
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov