Қазақтандағы жетілмеген остеогенезі бар балаларды хирургиялық емдеуде отандық интрамедуллярлық телескопиялық жүйенің күтілетін үлесі
Жетілмеген остеогенез - сүйектердің сынғыштығына, рецедивті сынулар мен деформацияларға әкелетін коллаген құрылымындағы, өңделу нәтижесінде сүйектердің жаңадан түзілуіндегі және остеобласттардың жіктелуіндегі дәнекер тінінің тұқым қуалайтын бұзылыстар тобы. Мақалада балалардағы жетілмеген остеогенез кезіндегі ұзын түтікшелі сүйектердің сынықтары мен деформацияларын хирургиялық емдеу үшін жасалатын интрамедуллярлық остеотомияда қолданылатын металлды құрылғылардың түрлері мен ерекшеліктеріне сай ғылыми деректерге тоқталып, елімізде әзірленген отандық интрамедуллярлық телескопиялық жүйенің жетілмеген остеогенезі бар балаларға хирургиялық ем көрсетудегі пайдасы талқыланды. Қазақстандағы саны жағынан көбею үстіндегі «хрусталь балаларға» арналған бұл құрылғыны қолданудың күтілетін тиімді тұстары сараланған.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 39-44
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov