Congenital Kyphosis with Rapid Progression In Adolescence: A Case Report
Туа біткен кифотикалық деформация омыртқаның басқа түрлерімен салыстырғанда сирек кездесетін ауру болып табылады. Дегенмен, емделмеген және елеусіз қалдырылған жағдайда аурудың ағымының айтарлықтай нашарлауына және онымен байланысты асқынуларға әкелуі мүмкін.Баяндаманың мақсаты: ауыр бүкірлік пен аяқтардың әлсіздігіне шағымданған туа біткен кифозы бар жасөспірім науқастың клиникалық жағдайын сипаттау және әдебиеттерге шолу жасау. Клиникалық жағдайды сипаттау. Біздің емханаға 15 жастағы науқас ата-анасының сүйемелдеуімен соңғы кездегі омыртқаның ауыр кифоздық деформациясының күшеюіне деген негізгі шағыммен келді. Сонымен қатар, науқас төменгі аяқ-қолдың әлсіздігін және ұзақ қашықтыққа жүрудің қиындығын хабарлады. Жұлынішілік патологияны және қосымша ауруларды жан-жақты қарастырып, рентгендік зерттеу нәтижесінде омыртқаішілік патология анықталмады. Осыған байланысты хирургиялық ота жоспарланып, Schwab 4 остеотомия процедурасы жасалды. Отадан кейінгі кезеңде елеулі клиникалық және радиологиялық жақсартулар байқалды. Ота алдындағы бұрыштық қисықтық өлшемдері келесідей болды: кеуде кифозы (ТК) 136°, жергілікті кифоз 145°, бел лордозы (LL) 109°, сакральды қисаю (СС) 18,5° және жамбас қисаюы (ПТ) 39°. Ота кейін бүкірліктің айтарлықтай түзелуі байқалып, нәтижесі жақсарды: TK 64°, LL 66°, SS 34° және PT 24°. Отаішілік және отадан кейінгі асқынулар байқалмады. Туа біткен кифоз жасөспірім кезінде деформацияның жылдам дамуына әкелуі мүмкін. Деформация айтарлықтай мөлшерге жеткенге дейін дер кезінде хирургиялық түзету жасау шешуші рөл атқарады. Деформацияны түзету үшін ерте жаста хирургиялық ота науқастардың жалпы өмір сапасын жақсарту үшін маңызды.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 34-38
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov