Central AsianResearch Index

Современные импланты для остеосинтеза переломов проксимального отдела плечевой кости

Тоқпан жіліктің проксималдық шетінің сынулары бар науқастарды емдеу мәселесі травматология мен ортопедияда өзекті болып табылады. Аталған сынуларды емдеуде тежегіш пластина мен сүйек ішіне салатын шегелер жиі қолданылады.Алайда, көптеген мамандар тежегіш пластинаны қолдану тоқпан жілік басының асептикалық некрозы, псевдоартроз және бұрандалардың миграцияға ұшырауы тәрізді асқынулардың себептері болатынын хабарлады. Пластинаны салғанда жұмсақ тіндер көп мөлшерде жарақаттанады, сүйекті қоректендіретін тамырлар зақымданып, сынықтың бітуіне кедергілер пайдаболады. Сонымен қатар қолтық астындағы нерв тарамдары жарақаттануы мүмкін. Осы тұрғыда болашақта жүргізілетін зерттеулер пластиналар мен сүйек ішіне қондыратын импланттарды жетілдіруге мүмкіндіктер береді.Шолудың мақсаты: тоқпан жіліктің проксималдық шетінің сынуларын емдеуде экстрамедуллярлық және интрамедуллярлық остеосинтездеу әдісінің артықшылықтарын зерттеу.Мақалада тоқпан жіліктің проксималдық шетінің сынуларын емдеуде экстрамедуллярлық және интрамедуллярлық остеосинтез әдісін зерттеуге арналған Scopus, PubMed, Google Scholar, Lilacs және Cuiden деректер базаларында индекстелгенәдебиет көздеріне талдау берілген. Тоқпан жіліктің проксималдық шетінің сынуларын емдеуде экстрамедуллярлық және интрамедуллярлық остеосинтездеуге арналған импланттардың артықшылықтарын мен бекіткіштік қаситеттерін ескеріп, оларды бір жүйеге келтіруге тырыстық.Қорытынды. Аталған сынықтарын бекіту үшін оңтайлы имплантты таңдау мәселесі мамандар арасында әлі де талқыланатын болады. Бұл мәселені одан әрі зерттеу зерттеушілерге сынықтарды емдеудегі негізгі мәселе.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 12-21
Язык
Русский
Цитирований
1
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov