Central AsianResearch Index

An Uncommon Ankle Injury: Maisonneuve Fracture Case Report

Мезоннев сынығы – сирек кездесетін тобықтың күрделі сынуы. Ол ішкі тобықтың сынуы, төменгі жілікаралық синдесмотикалық кешенінің жарақаты және проксимальды асық жілігі шыбығының сынуы секілді жарақаттар триадасымен сипатталады. Бұл мақалада баспалдақтан құлағаннан кейін Мезоннев сынығын алған 53 жастағы әйелдің клиникалық жағдайы сипатталды. Физикалық тексеру кезінде сол жақ тобық буынында ауырсыну мен ісіну анықталды, рентгенограммада сол жақ тобықтың ішкі және артқы бөлігінің сынықтары анықталды. Гипстік иммобилизация түрінде консервативті ем алғанына қарамастан, 11 күннен кейін науқас сол жақ тобығының және проксимальды асық жілігі шыбығының ауырсынуымен қайтадан ауруханаға түседі. Рентгеннограмма зерттеулері ішкі тобықтың сынуы, төменгі жілікаралық синдесмотикалық кешенінің жарақаты және проксимальды асық жілігі шыбығының сынуымен жүретін Мезоннев сынығын растады. Науқасқа сол жақ тобыққа ашық репозиция және ішкі фиксация отасы сәтті түрде жасалды. Бұл жағдай клиникалық тәжірибеде назардан тыс қалуы мүмкін Мезоннев сынығы сияқты сирек және күрделі сынықтарды дәл диагностикалау үшін мұқият қарау, пальпация жасау және рентгенологиялық тексеру маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, науқастарға уақтылы және тиісті емдеуді қамтамасыз ету үшін тобық жарақаттары бар жағдайда Мезоннев сынығын әрқашан ескеру керек.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 40-44
Язык
Английский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov