Central AsianResearch Index

Особенности течения идиопатического сколиоза у лиц казахского этноса

Идиопатиялық сколиоз - ортопедиялық патологиялар құрылымындағы ең көп таралған аурулардың бірі. Ұсынылған мақалада авторлардың қазақ этносындағы идиопатиялық сколиоздың ерекшеліктерін зерттеуге арналған ауқымды зерттеу жұмысының бастапқы нәтижелері сипатталған. Зерттеудің мақсаты. Қазақ этносының жеке адамдарындағы идиопатиялық сколиоздың ағымының ерекшеліктерін зерттеу.Әдістері. Зерттеу барысында келесі тексеру әдістері қолданылды: анамнез жинау, тексеріп қарау, сауалнама және екі проекцияда спондилография жүргізіп. Науқастарда диагноз расталған жағдайда олар негізгі топқа, ал деформация анықталмаған жағдайда бақылау тобына бөлінді. Негізгі топтағы науқастардан әрі қарай зерттелу мақсатында биоматериал алынды.Нәтижесі. Зерттеуге қазақ ұлтынан 400 пациент қатысты, олар екі топқа бөлінді. Негізгі топтағы науқастардың орташа жасы 24,5+-8,2 жас. Анықталған деформациясы бар емделушілерде жынысы бойынша таралу әйел емделушілерде (153 науқас – 76,5%) ер пациенттерге (47 науқас – 23,5%) қарағанда идиопатиялық сколиоздың даму ықтималдығы жоғары екенін көрсетті.Қорытынды. Қазіргі уақытта идиопатиялық сколиоздың этиологиясы мен таралуын егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу қажеттілігі бар. Жиналған биоматериалды генетикалық зерттеудің күтілетін нәтижесі аталмыш патологиясы бар науқастарды ерте анықтауға, аурудың ағымын одан әрі болжауға ықпал етуі мүмкін.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 23-27
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov