Современная система интрамедуллярной фиксации вертельных переломов бедренной кости: Обзор литературы
Остеопорозбен қатар өмір сүру ұзақтығының артуына және остеосинтезге арналған импланттарды таңдаудағы қиындықтарға, сондай-ақ егде жастағы адамдарда сынықтардың жоғары жиілігіне байланысты ортан жіліктің ұршық аймағы сынулары бар науқастарды емдеу мәселесі өзекті болып табылады. Интрамедуллярлық остеосинтезге арналған имплантаттар мұндай сынуларды бекітуде таңдайтын әдіс болып табылады. Шолудың мақсаты: Ортан жіліктің ұршық аймағы сынуларын интрамедуллярлық остеосинтездеуге арналған импланттардың артықшылықтарын зерттеу. Мақалада ортан жіліктің ұршық аймағы сынуларын интрамедуллярлық остеосинтездеу әдісін зерттеуге арналған Scopus, PubMed, Google Scholar, Lilacs және Cuiden деректер базаларында индекстелген әдебиет көздеріне талдау берілген. Нәтижелер заманауи интрамедуллярлық импланттардың остеопороз кезінде де фрагменттердің тұрақты бекітілуін, операция кезінде қанның аз жоғалуын, операция уақытын қысқартуды, операциядан кейінгі ерте жүктемені қамтамасыз ететінін және қауіпсіз және тиімді екенін анықтауға мүмкіндік берді. Интрамедуллярлық остеосинтездеу жүйесі сынуларды бекітудің жоғары тиімді әдісі ретінде танылған, әсіресе ортан жіліктің ұршық аймағы сынуларын мен ұршықасты сынуларды ротацәияға қарсы тұрақтылығын қамтамасыз етеді, «Z» әсерін жеңеді, мойны бұранданың медиалды бағытта миграциялануын болдырмайды және минималды инвазивті араласу болып табылады. Әрі қарай жүргізілетін зерттеулер ортан жіліктің ұршық аймағы сынулары бар науқастарды емдеуде операциялық әдістің болашақ бағыттарын атап өтуге мүмкіндік береді. Ортан жіліктің ұршық аймағы сынуларын остеосинтездеу үшін импланттарды оңтайландыру травматология мен ортопедиядағы болашағы бар бағыт болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 15-22
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov