Экономические потери при преждевременной смертности в результате несчастных случаев, отравлений и травматизма
Зерттеудің мақсаты - өлімнің негізгі себептері бойынша Қазақстан Республикасындағы әлеуетті өмірдің жоғалған жылдары, өнімді әлеуетті өмірдің жоғалған жылдары сияқты статистикалық көрсеткіштерді, сондай-ақ экономикалық шығындар есептеу және салыстыру болды.Әдістері. Статистикалық көрсеткіштерді есептеу Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика Бюросының ресми деректері негізінде жүргізілді. Экономикалық шығындарды есептеу кезінде адами капиталды бағалау әдісі қолданылды. Дисконттау коэффициентінің сезімталдығына талдау жүргізілді.Нәтижесі. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда жоғалған әлеуетті өмір жылдарының ең көп саны жазатайым оқиғаларға, уланулар мен жарақаттарға жататынын анықтады. Сонымен қатар, жарақаттар өнімді өмірден айырылған жылдар саны бойынша өлім-жітім себептерінің арасында бірінші орынды алады. Бұл өз кезегінде экономиканың 12,6 млрд доллар алмауынан көрінетін ең үлкен экономикалық шығындарға әкеледі.Қорытынды. Зерттеу нәтижелері жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану салдарынан жұмыс істейтін жас тұрғындар арасында ең үлкен шығындарды көрсетеді. Сонымен қатар, жарақаттану барлық салаларға және халық топтарына таралатын жүйелік бағдарламаларды енгізу арқылы өлімнің алдын алуға болатын себебі болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 4-14
- Язык
- Русский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov