Central AsianResearch Index

Качество жизни пациентов с ожирением после эндопротезирования тазобедренного сустава

Семіздік жамбас буынының остеоартриті дамуының негізгі қауіп-қатер факторларының бірі ретінде қарастырылады және науқастардың өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді.Зерттеудің мақсаты – семіздік пен ауыратын науқастардадың жамбас буынын эндопротездеуден кейін 3, 6, 12 ай және 5 жыл өткеннен соң олардың өмір сапасын бағалау.Әдістері. Жалпы саны 154 науқастың салмағы мен бойының бұзылған сипаттамалары бойынша 2 тобының өмір сапасы SF-36 құралын пайдалана отырып, салыстырмалы зерттеу жүргізілді.Нәтижелері. Науқастардың екі сұралған тобының салыстырмалы аспектісінде SF-36 шкаласы бойынша бағаланатын өмір сапасының барлық критерийлері бойынша отадан кейін салыстырмалы нәтижелер алынды.Қорытынды. Жамбас буынын эндопротездеу остеоартрозы бар семіздіктен зардап шегетін науқастарда да, дене салмағының индексі 18,5-40 кг/м2 аралығындағы науқастарда да, салмағы қалыпты науқастардағыдай олардың өмір сапасының әлеуметтік аспектілеріне, сергектікке, сондай-ақ, жалпы және психикалық денсаулыққа оң әрі тиімді әсер етуге мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 32-36
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov