Central AsianResearch Index

EARLY PERIOD RESULTS OF PATIENTS UNDERGOING ARTHROSCOPIC REPAIR WITH A DIAGNOSIS OF FULL THICKNESS ROTATOR CUFF TEAR

Зерттеудің мақсаты артроскопиялық түзетуді қолдана отырып, айналмалы манжеттің толық жарылуы бар науқастарды емдеудің ерте нәтижелерін бағалау болып табылады.Әдістері. Зерттеуге иықтың айналмалы манжетінің толық жарылуы кезінде артроскопиялық түзету жасалған науқастар қатысты. Бицепс патологиясы болған жағдайда тенотомия, 2 және 3 типті акромион болған жағдайда акромиопластика орындалды. 12 науқасқа акромиопластика жасалды (30,7%); ал бицепс бұлшықетінің тенотомиясы 9 науқаста (23%) жасалды. 4 (10,2%) науқаста бицепсқа акромиопластика және тенотомия жасалды. Иықтың айналмалы манжетінің жыртылуы екі қатарлы әдіспен, яғни титан анкар және Peek анкарын қолдану арқылы коррекцияланды. Емдеу нәтижелерін бағалау Лос-Анджелестің Калифорния университетінің шкаласы (UCLA) арқылы жүргізілді. Сонымен қатар, қорытынды тексерулерге шақырылған науқастарда үздіксіз бағалау жүргізілді. Орташа бақылау кезеңі 14,6 айды (6-24) құрады.Нәтижесі. Ота алдындағы UCLA баллы - 11,2, ал үздіксіз тексеру бойынша балл - 26,9 болды. Артроскопиядан кейінгі UCLA баллы - 29,6; үздіксіз тексеру бойынша балл 83,2 құрады. Жалпы емдеу нәтижелері 13 (33,3%) науқаста өте жақсы; 16 (41%) науқаста - жақсы, 9 (23%) науқаста орташа және 2 (5,1%) науқаста нашар болды. Акромиопластикасы бар және жоқ топтар арасында айтарлықтай статистикалық маңызы бар айырмашылық болмады (p = 0,513). Ұқсас нәтиже бицепс тенотомия (p = 0,619) және акромиопластика + бицепс тенотомия (p = 0,374) жасалған топтарда байқалды.Қорытынды. Иықтың айналмалы манжеті хирургиясындағы артроскопия пластика әдісі сәйкес көрсеткіштері бар науқас дұрыс таңдалған жағдайда тиімді емдеу жолы болып табылады. Акромиопластика және/ немесе бицепс тенотомиясы ерте нәтижелерге әсер етпейді.

Сведения

Опубликовано
2024 · С. 4-9
Язык
Английский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov