Результаты хирургического лечения доброкачественных опухолевых и опухолеподобных заболеваний костей конечностей
Сүйек онкологиялық ауруларының жиілігі әртүрлі сүйектердегі ісіктің локализациясына байланысты 2% -дан 28,5% -ға дейін жағдайларда кездеседі. Ісік және ісік тәрізді сүйек ауруларын дер кезінде диагностикалау және хирургиялық емдеу ортопедтер арасында әлі де өзекті болып табылады. Біздің зерттеу мақсатымыз – аяқ-қол сүйектерінің қатерсіз ісіктері мен ісік тәрізді ауруларын хирургиялық емдеу нәтижелерін зерттеу.Материалдар мен тәсілдері. Зерттеуге 2015-2018 жылдар аралығында емделген аяқ-қол сүйектерінің ісіктері мен ісік тәрізді аурулары бар 112 науқас негіз болды. Емдеу нәтижелері біз ұсынған функционалдық шкала бойынша араласудан кейін 1, 3, 6, 9 және 12 айдан кейін бағаланды.Нәтижелер. Ота алдында ересек науқастарда біз ұсынылған шкала бойынша орташа балл негізгі топта - 17,02±0,15, бақылау тобында 17,71±0,12 болды. Отдандан соң 12 айлық бақылаудан кейін ұпайлар қосындысы негізгі топта 0,94±0,4 баллға, науқастардың бақылау тобында 1,44±0,19 баллға тең болды.Қорытынды. Отадан кейінгі кезеңде науқастардың деректерін талдау негізгі және бақылау топтарында жағдайдың жақсыға дейін жақсарғанын көрсетті. Емдеуден кейін 12 айдан бастап бағалау динамикасы науқастардың жағдайының ташама деп анықтады. Ұзақ мерзімді кезеңде науқастарда аурудың қайталану белгілері байқалмады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · С. 35-43
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov