Central AsianResearch Index

Патогенетическое обоснование в лечении чрезмыщелковых переломов плечевой кости у детей

Зерттеудің мақсаты - балалардағы тоқпан жіліктің айдаршығының сынықтарын емдеуде Паппа әдісі бойынша жабық репозиция мен остеосинтезді қолдану тиімділігін бағалау. Әдістері. Тоқпан жілігінің айдаршығының сынығы бар жалпы саны 321 науқастың емінің 6 айдан 2 жылға дейінгі уақыт аралығында қысқа және ұзақ мерзімді нәтижелеріне талдау жүргізілді. А.Е. Ерекешов ұсынған төрт баллдық жүйе бойынша (2000) тоқпан жіліктің айдаршығының сынығы бар балаларды емдеу нәтижелерін бағалау жүзеге асырылды. Нәтижелері. Зерттеуде емнің ең жақсы (45%) және жақсы (52,5%) нәтижелері басым болды. Екі науқаста ашық хирургиялық емнен кейін шынтақ буынындағы қозғалыстардың 15-20 градусқа дейін шектелуі байқалды, нәтиже қанағаттанарлық (2,5%) деп бағаланды. Асқынулардың ішінде – 3 жағдайда радиалды (2) және ортаңғы (1) жүйкенің невриті анықталды, Бір науқаста асқыну жарақаттың ауырлығымен және фрагменттердің айтарлықтай ығысуымен байланысты болса, ал екі жағдайда Папп бойынша остеосинтез кезіндегі ятрогенді зақымданумен байланысты болды. Осылайша, қанағаттанарлық нәтиже 2,5%, ал асқынулар 3,75% құрады. Оңалту емінен кейін бұл науқастардың жүйкелерінің қызметі 6 айдан кейін толық қалпына келді. Қорытынды Тұрақсыз айдаршық аралық сынықтар болған кезде, сынық фрагменттердің бөлінуін, репозицияны электрондық-оптикалық түрлендіргіш бақылауымен орындау және остеосинтезді Папп бойынша спицалармен жүргізу керек. Тұрақты остеосинтезге қол жеткізудің негізгі талабы - қарама-қарсы кортикальды қабат арқылы спицаларды өткізу. Бекітудің ең оңтайлы әдісі - тұрақты остеосинтезді қамтамасыз ететін 45 градус бұрышта қиылысатын спицаларды жүргізу.

Сведения

Опубликовано
2022 · С. 38-43
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov