Treatment outcomes of meniscus root tear. Practical results of Kazakh Republican center of arthroscopy and sport trauma center of 2018 – 2020
Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасының Республикалық артроскопия және спорттық жарақаттар орталығының зақымдалған мениск түбірін қалпына келтіру тәжірибесін бағалау. Әдістері. Зерттеу барысында тізе буынына жүргізілген артроскопиялық араласулар арасында мениск түбірінің зақымдану жиілігіне 2018-2020 жылдар аралығын қамтыған салыстырмалы талдау жасалды. Науқастар жынысы, жасы және жарақат тарихы (жедел жарақат немесе дегенеративті жарақат) бойынша жіктелді. Нәтижелер. Осы зерттеу жұмысын қамтыған 30 ай ішінде 157 мениск түбірінің жарақаты тіркелді. Олардың ішінде жарақаттанудың 22 жағдайы ерлерде (орта жасы 49,2±11,9) және 135 жағдайы әйелдерде (орташа жас 55,5±12,6) кездесті. Зақымданулардың басым бөлігі дегенеративті генезді болды. 2019 жылы ерлерде анықталған 4 жағдайдың барлығы дегенеративті генезді болды, орташа жасы - 54±12,5 (43,0-69,0), Me 57,0 (47,0-61,0 - 25/75 квартиль). Әйелдерде анықталған 50 жағдайда олардың орташа жасы 58±13,8 (36,0-70,0) құрады, Ме 48,0 (39,0-64,0 - 25/75 квартиль). Тек 6 жарақат (12%) жедел туындаған жарақаттық сипатта болды, қалғандарының барлығы жедел жарақатпен байланысты болмады. 2020 жылы ерлер арасында жарақат алудың 12 жағдайы анықталды, олардың орташа жасы 44,4±11,4 құрады (15-тен 68 жасқа дейін). Жарақаттардың жартысы жедел туындаған, оның ішінде алдыңғы кресттәрізді байламның жарақатымен біріктірілген жарақат болды. Әйелдерде анықталған жағдайлардың саны 73-ке дейін өсті, науқастардың орташа жасы 53 жасты (диапазон 39-дан 72 жасқа дейін) құрады. Тек 4 жағдай жарақаттану сипатында, оның ішіндегі бір жағдай артқы кресттәрізді байламмен біріктірілген жарақат болды. Қорытынды. Ота техникасын және науқастардағы патологияны тиімді анықтауды меңгеру нәтижесінде 2020 жылы мениск түбірін қалпына келтіру нәтьижелерінің оң динамикасы артты. Елімізде бұл мәселенің жиілеп бара жатқанын ескере отырып, мениск түбірінің жұлынуын диагностикалау және емдеу хаттамасын әзірлеу қажет.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · С. 33-37
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov