Malignant transformation of an aneurysmal bone cyst to huge fibroblastic osteosarcoma without radiation exposure: proper surgical management is more than a challenge
Бұл қолжазбада біз сол жақ сан сүйегінің проксимальды бөлігінің патологиялық сынуына алып келген аневризмалық сүйек кистасының сирек кездесетін клиникалық жағдайын ұсынамыз. Алып көлемді ісігі бар науқасқа бірнеше рет ота жасалған. Тексеру барысында науқаста радиациялық әсерінен туындамаған остеосаркома дамығаны анықталған. Біз сыртқы гемипелвэктомия жасадық. Алып көлемді остеосаркомасы бар, бірнеше ота жасалған науқасты емдеуде дұрыс хирургиялық тактика таңдау күрделі мәселе болды. Жалпы алғанда аневризмалық сүйек кисталары патологиялық сынықтар сипатында өте сирек кездеседі. Сонымен қатар, біздің білуімізше, қолда бар әдебиет көздерінде радиациялық сәуленің әсерінсіз қатерлі ісікке, яғни остеосаркомаға трансформацияланған аневризмалық сүйек кисталарының бүгінде тіркелген жағдайларының саны 10-нан аз болып табылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · С. 18-26
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov