Central AsianResearch Index

Анализ летальности пациентов пожилого и старческого возраста с переломом проксимального отдела бедра

Егде жастағы науқастарда сан сүйегінің проксимальды сүйектерінің сынуы остеопороздың ең ауыр асқынуларының бірі әрі денсаулық сақтау саласының экономикалық зиян келтіретін күрделі мәселесі болып табылады. Сынықтың осы түрлерінің салдарынан науқастардың стационарлық қана емес, сондай-ақ, амбулаторлық деңгейдегі өлім-жітімінің көрсеткіштері де жоғары. Остеопороздың ауыр асқынуының емінің нәтижесі мен басқа да медициналық-әлеуметтік көрсеткіштері медициналық көмекті ұйымдастырудың сапасына тікелей байланысты. Зерттеу мақсаты: Алматы қаласының 60 жастан асқан тұрғындарының сан сүйегінің сынығынан зардап шеккен, яғни жарақат алған сәттен бастап 12 ай ішінде өлім-жітім деңгейін бағалау. Әдістері. Егде жастағы науқастардағы өлім-жітім көрсеткіштерін бағалау үшін біз проксимальды сан сүйегінің сынуы бар 60 жастағы және одан жоғары жастағы 1283 науқастың деректерін қамтитын көлденең когортты бақылауды жүргіздік. Емдеу нәтижелері ауруханаға түскен сәттен бастап бір жыл бойы бақыланды. Нәтижелері. Ауруханаларға жүгінген 1283 науқастың ішіндегі жалпы өлім-жітім көрсеткіші 35,9% құрады. Ауруханаға түскен науқастардың 74,9% (722) тірі қалды. Барлығы 25,1% (241) бір жыл ішінде өлім-жітімге ұшырады, оның ішінде 6 (0,62%) науқас стационарда болған. Стационарлық ем қабылдамаған 324 науқастың 32,1%-ы (104) ауруханаға түскеннен кейін бір жыл ішінде аман болса, ал 67,9%-ы (220) өлім-жітімге ұшырады. Қорытынды. Сан сүйегінің сынықтары бар егде жастағы науқастардың өлім-жітім деңгейін талдау науқастардың осы тобында мүмкіндігінше ертерек жүргізілген хирургиялық емдеу 12 айлық бақылау кезеңінде өлім-жітім санының айтарлықтай төмендеуіне әкелетінін көрсетті.

Сведения

Опубликовано
2022 · С. 11-17
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov