Preclinical Evaluation of the Treatment of Chronic Osteomyelitis Model in Rabbits
Созылмалы остеомиелит бүгінге дейін ортопедиялық хирургиядағы күрделі мәселе болып табылады. Соңғы уақытта созылмалы остеомиелитті емдеуде жергілікті антибиотик тасымалдаушысы ретінде биоыдыраушы материалдар жиі қолданылады. Біздің зерттеуде Марбург жүйесі бойынша дайындалған сүйек аллографты қолданылды. Зерттеу мақсаты қояндардағы остеомиелит үлгісінде антибиотикке байытылған сүйек аллографтын қолдану арқылы жүргізілген созылмалы остеомиелит емінен кейінгі клиникалық өзгерістерді бағалау. Материалдар мен әдістер. Остеомиелит Staphylococcus aureus-тың адамдық штаммын жұқтыру көмегімен жасалды. Ол ортан жіліктің дисталды бөліміне арнйы жасалған сүйек ақауларына енгізілді. Сүйек ақауын толтыру тәсіліне байланысты эксперименттік жануарлар үш топқа бөлінді: 1 топта сүйек ақауы антибиотикке байытылған биоыдыраушы PerOssal материалымен толтырылды, 2 топта сүйек ақауы антибиотикке малынған тұтас сүйек аллографтымен толтырылды, 3 топта сүйек ақауы антибиотикке малынған тесілген сүйек аллографтымен толтырылды. Созылмалы остеомиелит дамуының бәсеңдеуін бағалау үшін клиникалық бақылау жүргізілді. Тәжірибедегі барлық жануарлардың дене қызуы 42 күндік бақылаудың барлық кезеңінде қашықтықтан өлшенетін термометрмен өлшенді. Нәтижелері. Топтардағы қояндарда отаға дейнгі ортоаша температура 1 топта 36,90; 2 топта 36,40; 3 топта 36,20 құрады. Отадан кейінгі бірінші тәулікте 1 және 3 топтарда бастапқы температурамен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық болған жоқ, ал 2-ші топта отадан кейінгі бірінші тәулікте жануарлардың дене температурасы 39,00 дейін көтерілді. Ерте отадан кейінгі кезеңнің 3-ші тәулігінде 1-ші және 3-ші топтарда дене температурасының максималды жоғарылауы анықталды. 1-ші топта 39,20 дейін және 3-ші топта 38,20 дейін. 2-ші топта дене температурасының максималды жоғарлауы 2-ші тәулікке сәйкес келді және 38,60 құрады. Ота жасалған қояндардың отаға дейінгі орташа дене салмағы 1-ші топта 2983,3 гр.; 2-ші топта - 3206,7 гр.; 3-ші топта - 2300,0 гр. құрады. Отадан кейінгі кезеңде 1-ші топта отадан кейінгі бірінші күні дене салмағының тапшылығы 1,3 граммды құрады, динамикада 5 күнге дейінгі уақытта төмендеді, содан кейін дене салмағының тұрақты өсуі байқалды да, 42-ші күні 783,4 грамды құрады. 2-ші топта бірінші күні дене салмағының максималды тапшылығы 92,3 гр-ға дейін, кейіннен жоғарылауы байқалды, ал жалпы алғанда, бүкіл бақылау кезеңінде дене салмағының тұрақты өсуі 200 гр. құрады. 3-ші топта отадан кейінгі бірінші күні дене салмағының тапшылығы 13,9 гр. құрады. Динамикада дене салмағының шамалы тұрақсыздығы байқалды, мысалы, 5-ші күні дене салмағы 3284,6 гр., 6-шы күні 3169,2 гр-ға дейін төмендеген. 1-ші топтағы жараны жалпы бағалау кезінде бүкіл бақылау кезеңінде жараның іріңдеуі, тігістердің ажырауы немесе тұрақсыздығы байқалмады. 3-ші топта отадан кейінгі 28-ші күні отадан кейінгі жара аймағында жұмсақ тіндердің аздап инфильтрациясы анықталды. 2-ші топта 14-ші күні отадан кейінгі жара аймағында жұмсақ тіндердің аздап инфильтрациясы, ал 28-ші және 42-ші күндері отадан кейінгі жараның іріңдеуі анықталды. Қорытынды. Бұл зерттеудің нәтижесі бойынша перфорацияланған сүйек аллографтының қолжетімді биоматериал екені және сүйектердің регенеративті хирургиясында қолданылуы мүмкін екені көрсетілді.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · С. 4-9
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov