Regional Specifics of the Frequency of Road Accidents on the Highways of Republican Significance of Kazakhstan, Based on the Mortality Rates and the Number of Victims in 2021
Зерттеу мақсаты. Қазақстан өңірлері бойынша өлім-жітім көрсеткіштері мен зардап шеккендер санын ескере отырып, 2021 жылғы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының жиілігін зерделеу. Әдістері. Жұмыста жол-көлік оқиғаларының жиілігінің көрсеткіштері, олардан болатын өлім-жітім және халықтың тығыздығын ескере отырып, зардап шеккендердің саны талданды. Сондай-ақ, еліміздің трассалық медициналық-құтқару пункттерінің жұмысы, атап айтқанда, шығу саны мен емдеуге жатқызу саны бағаланды. Нәтижелері. Зерттеліп отырған кезеңде халықтың тығыздығына қатысты жол-көлік оқиғаларының саны Алматы қаласында және Алматы облысында - 33%, Жамбыл облысында - 11%, Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында - 11%, Шымкент қаласында және Түркістан облысында - 7% басым болады. Қазақстан өңірлері бөлінісінде жол-көлік оқиғаларының үлес салмағы қалды: Оңтүстік өңір – 54%, Солтүстік өңір – 22%, Батыс өңір – 12%, Шығыс өңір – 6%, Орталық Қазақстан-5%. Трассалық медициналық-құтқару пункттерінің 1 шығуына зардап шеккендердің көп саны Алматы қаласы мен Алматы облысында (1211), Шымкент қаласы және Түркістан облыстарында (408), сондай-ақ Жамбыл (412) және Қарағанды (403) облыстарында байқалады. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан болатын өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіштері Қазақстанның оңтүстік өңірінде байқалады: Алматы қаласы мен Алматы облысында (100 мың тұрғынға шаққанда 31,98), Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (100 мың тұрғынға шаққанда 16,46) және Жамбыл облысында (100 мың тұрғынға шаққанда 10,67) болды. СҚО – дағы ең төменгі көрсеткіш - 100 мың тұрғынға шаққанда 2,03 құрады. Тұжырымдар. Жол-көлік оқиғаларының жағдайларыжәне олардың нәтижесінде нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны мен халықтың тығыздығы арасында тәуелділік байқалады, өйткені Қазақстанның халық тығыз орналасқан өңірлерінде жол-көлік оқиғасы жағдайларының ең көп үлес салмағы келеді. 2021 жылы жол-көлік оқиғаларының санының өткен жылдармен салыстырғанда 16% - ға төмендеуі орын алды, бұл трассалық медициналық-құтқару қызметі бригадаларының шығу санының 12%-ға, көрсетілген медициналық көмектің 27% - ға және емдеуге жатқызылғандар санының 8 -ға азаюына әсер етті.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · С. 20-26
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov