Лечение пациентов с повреждениями менисков коленного сустава
Зерттеудің мақсаты: тізе буынының менискасының жарақаттары бар науқастарды менискіні артроскопиялық тігіспен тігу әдістемесін қолданып хирургиялық емдеудің қолданылған нәтижелерін зерттеу. Әдістері. Зерттеуге 2017-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасында емделген, тізе буынының менискінің созылмалы жарақаты бар 134 науқастың хирургиялық емінің нәтижелері берілген. Бақылау тобын мениск резекциясы артроскопиялық әдіс арқылы жасалған 70 (52,3%) науқас құрды. Негізгі топқа тізе буынының менискісінің жарылуы бар 64 (47,7%) науқас кірді. Бұл науқастарға біз әзірлеген әдіс (ҚР патенті 10.12.2021 ж. No35413) бойынша артроскопиялық бақылаумен мениск тігісі жасалды. Нәтижесі. Негізгі топтағы науқастардың менискісін артроскопиялық жолмен тігудің жаңа әдісін клиникалық қолдану Lysholm шкаласы бойынша өте жақсы нәтижелер жиілігін бақылау тобымен салыстырғанда 7,3%-ға (p=0,012), жақсы емдеу нәтижелерін 19,7%-ға (р<0,001) арттыруға мүмкіндік берді. Артроскопиялық менискті тігудің жаңа әдісінің тиімділігін дәлелді медицина критерийлері арқылы талдау нәтижесінде біз негізгі топ науқастарындағы емнің нәтижелерінің отадан кейінгі ұзақ мерзімді кезеңіндегі қанағаттанарлықсыз нәтижелердің кездесу жиілігін 5,5%-ға (p=0,184) төмендететіндігін анықтадық. Қорытынды. Менискті артроскопиялық тігудің жаңа әдісі тізе буынының менискісінің жарақаты бар науқастарда отадан кейінгі кезеңде контрактуралардың, гонартроздың дамуының алдын алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, дәстүрлі артроскопиялық менискэктомиямен салыстырғанда ерте функционалды емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · С. 10-19
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov