Опыт организации деятельности инфекционного стационара, созданного на базе специализированного научного центра в период пандемии COVID-19 (на примере Национального научного центра травматологии и ортопедии имени академика Батпенова Н.Д.)
Хабарламаның мақсаты: COVID-19 бар науқастарды емдеу үшін инфекциялық стационарды ұйымдастыру мақсатында мамандандырылған ғылыми орталықты қайта бейіндеу бойынша алғашқы тәжірибенің нәтижелерін зерделеу.Әдістері. Материалда COVID-19 пандемиясы кезеңінде Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының базасында ұйымдастырылған инфекциялық стационар қызметінің нәтижелеріталданған. Талдауға аурухананы қайта бейіндеу шеңберінде жүргізілген іс-шаралар, сондай-ақ, 2021 жылғы 26 наурыз бен 26 тамыз аралығындағы кезеңде емделген науқастар мен көрсетілген медициналық қызметтер бойынша статистикалық деректер енгізілген.Нәтижесі. Инфекциялық стационар 5 айдан астам уақыт бойы науқастарды қабылдады, осы уақыт ішінде COVID-19 бар 1300-ден астам науқасқа көмек көрсетілді. Орталық басшылығы мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының дұрыс және нақты іс-әрекеттері стационар қызметін негізгі бейін бойынша жұмыс зардап шекпейтіндей шұғыл жағдайда ұйымдастыруғамүмкіндік берді. Қорытынды. Тәжірибе нәтижесінде алынған сабақтар қала мен республиканың бүкіл қоғамдық денсаулығына ұзақ мерзімді әсер етеді. CОVID-19 бар науқастарды емдеу бойынша жаңадан құрылған инфекциялық стационардың жұмысы бойынша жинақталған тәжірибе әскери және азаматтық медициналық ұйымдарының одан әрі медициналық қызметінде пайдаланылуы мүмкін.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 16-21
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov