Assessment of the Risk of Complications in Patients with Fractures of the Long Bones of the Lower Extremity Against the Background of Metabolic Syndrome
Зерттеудің мақсаты: метаболикалық синдром фонында аяқтың ұзын сүйектерінің сынуы бар науқастарда асқыну қаупін бағалау.Әдістері. Бір орталықты ретроспективті зерттеуде 2016-2021 жылдар ішінде Ташкент медицина академиясының Көпбейінді клиникасына жүгінген 95 науқастың (негізгі топ) жамбас сүйегінің проксимальды сүйектерінің сынықтарын емдеунәтижелері талданды. Бақылау тобына 2014 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың желтоқсан айына дейін емделген 102 науқас кірді. Орташа жасы 67,7±11,6 жасты құрады. Зерттеуге қосу критерийлері: жасы 18-ден жоғары, жарақаттың ауырлығы ISS (Жарақаттанудың ауырлық көрсеткіші) шкаласы бойынша 15 баллдан аз, біздің клиникада толық емделу (басқа клиникаларға ауыстырылмай), бір тәуліктен астам ауруханада болу. Қосалқы ауру санатын ASA (Американдық анестезиологтар қоғамы)бойынша анықтадық.Нәтижелері. Сынық түрлері бойынша негізгі (70,7%) және бақылау (67,6%) топтарында буынішілік сынықтар басым болды. Негізгі және бақылау топтарында буыннан тыс сынықтар сәйкесінше 29,2% және 32,3% құрады. Тәуекел деңгейі жоғары негізгі топтағы науқастардың (n=17) соматикалық статусын оңтайландыру үшін оларға кардиологиялық, эндокринологиялық және неврологиялық аурулар бойынша консервативті ем жүргізді. Отадан кейінгі асқынулардың ықтимал даму қаупін қайта бағалауарқылы соматикалық мәртебені оңтайландырғаннан кейін негізгі топтағы науқастар келесідей бөлінді: тәуекел деңгейі төмен (<10%) – 10 науқас (15,4%), орташа қауіп (10- 30%) - 44 науқас (67, 7%), жоғары қауіп (>30%) - 11 науқас (16,9%). Осылайша, тәуекел дәрежесі төмен топтарға, соның ішінде жоғары қауіп тобына жататын науқастардың саны 1,54 есеге қысқарды (X2=30,2, p<0,05).Қорытынды. Осылайша, проксимальды жамбас сүйегінің сынықтары бар науқастарда ықтимал асқынулардың даму қаупін болжамды бағалау үшін номограмманың тиімділігі расталды.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 60-64
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov