Central AsianResearch Index

Результаты лечения пациентов с застарелыми повреждениями менисков коленного сустава с применением новой артроскопической техники

Зерттеудің мақсаты: тізе буыны менискісінің ескі зақымдалуы бар науқастарды жаңа артроскопиялық техника арқылы емдеудің нәтижелерін талдау.Әдістері. Зерттеуде Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасында 2017-2020 жылдар арасында емделген тізе буыны менискісінің ескі зақымдалуы бар 70 науқасты хирургиялық емдеудің нәтижелері ұсынылған. Бақылау тобын тізе буыны менискісінің жыртылуы бар 40 (57,2%) науқас, ал негізгі топты 30 (42,8%) науқас құрады. Негізгі топ науқастарына жаңа артроскопиялық жолмен тігу әдісін қолдана отырып менисктің резекциясы жасалды (авторлық құқық №9602 04.05.2020 ж. берілген). Хирургиялық емнің нәтижесі Lysholm шкаласының көмегімен бағаланды.Нәтижесі. Негізгі топтағы науқастарда өте жақсы нәтиже 16,7% жағдайда, жақсы нәтиже 66,6%-да анықталды. Негізгі және бақылау тобындағы өте жақсы нәтиже көрсеткіштерінің кездесуі жиілігі статистикалық тұрғыда сенімді (р<0,001).Бақылау тобында жақсы нәтиже басым болды (46,9%).Қорытынды. Менискті жаңа артроскопиялық әдіс арқылы тігу тізе буыны зақымдалуының хирургиялық емінің тиімділігін арттырып, менисктің ескі зақымдалуы бар науқастарда отадан кейінгі кезеңде гонартроз дамуының алдын алады және ерте функционалды ем жүргізуге мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2021 · С. 54-59
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov