Клиническое наблюдение. Лечение пациента с застарелым переломом пяточной кости. Оценка отдаленного 10-ти летнего результата лечения после выполнения корригирующей остеотомии Romash, латеральной декомпрессией, подтаранного артродеза
Өкше сынығы кезінде остеосинтез әдісін таңдау және кешіктірілген хирургиялық араласуды жүзеге асыру сұрақтары өз өзектілін жоғалтқан емес. Емдеу тактикасын таңдау кезінде келесі жергілікті факторларды (сынықтың сипаттамасы, жұмсақ тіндер мен тері жабындысының жағдайы, жарақаттан кейін өткен уақыт), сондақ-ақ жалпы факторларды (қосалқы зақымданулар, науқастың қосымша жай-күйі және ұйымдастырушылық сұрақтар – отаны қауіпсіз әрі тиімді жасау үшін қажетті техникалық мүмкіндік) ескеру қажет.Назарларыңызға өкшенің ашық сынығы бар науқастың жарақаттан кейінгі жағдайын 10 жылдық бақылау нәтижесі ұсынылды. Біріншілікті остеосинтез жүзеге асырылмай, тек сыртқы иммобилизация мен сыртқы тері жабындысын қалпына келтіру жүргізілген. Науқас аяқ қызметінің бұзылуы мен ауырсыну сезіміне шағымданып клиникаға жүгінген болатын. Баллдық жүйе бойынша бағалау кезінде AOFAS бойынша 100-ден 29 балл, ал FAAM бойынша 84-тен 16 балл болды. Қанағаттанарлықсызнәтиже өкше-асықты жілік шыбығының импиджменті, асықасты буынның сәйкестенуінің бұзылуы, өкше сүйегі биіктігінің жоғалуы, өкше сүйегінің бүйірге ығысуы және осьтік туралықтың бұзылуы салдарынан орын алған болатын. Науқасқа өкше сүйегінің Romash бойынша жасалған көпплантарлы остеотомиясы, бүйірлік декомпрессия және асықасты сүйегінің артродезіжүргізілді. Отадан кейінгі кезең жайлы өтті, науқас клиника мамандарының бақылауында болып, белсенді өмірге отадан кейін бір жыл өткенде қосылды. Ұзақ мерзімді нәтиже отадан кейін 10 жыл уақыт өткенде бағаланды.Нәтижесі AOFAS (өкшенің артқы бөлігі) сауалнамасы бойынша 100/100 балл, FAAM бойынша 81/84 баллды құрады. Romashбойынша жасалған көпплантарлы остеотомиясы мен асықасты сүйегінің артродезін жүргізу өкше-асықты жілік шыбығының импиджментін жоюға, асық-өкше биіктігін, өкше сүйегінің ені мен осьтік түзулігін қалпына келтіруге, сондай-ақ, асық сүйегінің еңкею қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде сүйектер қызметінің нәтижесін жақсартты.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 46-53
- Язык
- Русский
- Цитирований
- 2
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov