Central AsianResearch Index

Реконструктивные вмешательства на дефектах мягких тканей пяточной области: литературный обзор.

Қазіргі уақытта тұрмыстық және жол-көлік, өндірістік жарақаттанудың әртүрлі түрлерінің жиілігі мен ауырлығының айқын өсуі байқалады, бұл ең алдымен әлемдік техникалық прогреске, әртүрлі тұрмыстық және өндірістік құрылғылардың қол жетімділігіне, сондай-ақ адамдардың күнделікті өмірде, жолдарда және өндірісте ұқыптылығына әсер ететін ақпараттық жүктемеге байланысты. Осы жарақаттардың қатарында тірек-қимыл жүйесінің барлық зақымдануларының 10% - ына әр түрлі авторлардың бағалауы бойынша қол жеткізетін төменгі аяқтардың дистальды бөлігінің жарақаттары өз орнын алады. Бұл жағдайлардың арасында өкше тұтастығының бұзылуымен, аймағының жұмсақ тіндерінің толық зақымдалуымен жүретін жарақаттар ақырғы орын алмайды. Сондай - ақ, бұл аймақта жарақаттан кейінгі тіндердің тыртықтары, микро және макро - ангиопатия аясында төменгі аяқтың проксимальды бөлігінде нейровегетативті иннервацияның бұзылуымен байланысты трофикалық ақаулар жиі кездеседі. Осыған байланысты пациенттердің төменгі аяқтарының қызметі, қабілеті және нәтижесінде өмір сүру сапасы бұзылады, инфекция да жиі қосылады. Біз PubMed іздеу базасындағы соңғы мақалаларды қарау нәтижелері бойынша ең тиімді хирургиялық араласуды қарастырдық.

Сведения

Опубликовано
2021 · С. 4-9
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov