Динамика резистентности золотистого стафилококка, выделенного от пациента с неспецифическим остеомиелитом
Зерттеудің мақсаты: остеомиелиттің негізгі қоздырғышын және оның кейбір микробқа қарсы препараттар тобына сезімталдығын анықтау.Әдістері. Бұл ретроспективті зерттеу 2017-2020 жылдар аралығында Академик Батпенов Н.Ж. атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында емделген созылмалы остеомиелиті бар науқастардың жарасынанбөлінген биоматериалды сандық бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне сүйенген.Нәтижесі. Остеомиелиттің этиологиясында Staphylococcus aureus көшбасшы екені анықталды. Алтын түсті стафилококктың төзімділігі III-IV буын цефалоспориндерге, сондай-ақ фторхинолондарға, аминогликозидтерге, карбапенемдерге және ванкомицинге сақталған.Қорытынды. Бейспецификалық остеомиелитпен ауыратын науқастардан бөлінген метициллинге төзімді алтын түсті стафилококк анықталған жағдайларда үшциклді гликопептидтер резервтік антибиотик ретінде қолданыла алады.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 39-45
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov