Показатели травматизма, инвалидности и смертности от травм в Республике Казахстан за 2019-2020 годы
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жарақаттанушылық, жарақат салдарынан болған өлім-жітім және мүгедектіктің 2019-2020 жылдардағы көрсеткіштерінің аймақтық және жыныстық ерекшеліктерін талдау.Әдістері. Жұмыста Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының, Денсаулық сақтау министрілігінің және басқа да ведомстволарының 2019-2020 жылдар аралығындағы тіркеу формалары қолданылды.Нәтижесі. Жарақаттанушылық көрсеткіштері 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 3,9%-ға төмендеген, бұл көрсеткіштер қала тұрғындарының ішінде жоғарырақ екені байқалады. Жарақат салдарынан болған біріншілікті мүгедектік жалпы жарақаттанушылық бойынша 2020 жылы 10 мың тұрғынға шаққанда 2,2-ге төмендеді (2019 жыл - 2,8). Ал жол-көлікоқиғалары жарақаттарының салдарынан болған мүгедектік 2020 жылы 10 мың тұрғынға шаққанда 0,16-ға дейін төмендеді (2019 жылы – 0,21). Сонымен қатар, 2020 жылы қайғылы оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан болған өлім-жітім саны 65,35%-дан (2019 жыл) 57,76% дейін төмендеген.Қорытынды. Жыл сайынғы бақылау нәтижесі Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасындағы жарақаттанушылық, жарақат салдарынан болған өлім-жітім және мүгедектік көрсеткіштерінің төмендеу тенденциясы барекенін көрсетті.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 31-38
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov