COVID-19 пандемиясы жағдайында провизорлық стационарда жұмыс жасайтын травматология және ортопедия саласы мамандарының психоэмоционалдық статусын бағалау
Зерттеудің мақсаты: COVID-19 пандемиясы жағдайында провизорлық стационарда жұмыс жасаған травматологияортопедия саласының мамандарының психоэмоционалдық статусын бағалау.Әдістері. Бұл бір реттік көлденең зерттеу жұмысы 2021 жылдың жаз айларында Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының жанынан құрылған провизорлық стационарда жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің (n=42) орташа жасы – 32,2 (SD=12,5) құрады. Сауалнама сұрақтары HADS және кәсіби күйзелісті анықтауға бағытталған Маслач сауалнамасына сүйене отырып Google платформасында авторлар құрастырылған 12 сұрақтан тұрды.Нәтижесі. Провизорлық стационарда жұмыс жасайтын орта медициналық қызметкерлер психоэмоционалды күйзеліске жиі түсетіні анықталды. Күйзеліс белгілердің кездесу жиілігі медициналық қызметкерлердің жынысына байланысты болмады, дегенмен әйелдерде жиірек байқалды (χ2=14,6, p<0,001).Қорытынды. COVID-19 пандемиясы жағдайында жұмыс жасайтын дәрігерлер және кіші медициналық қызметкерлермен салыстырғанда орта медициналық қызметкерлер психоэмоционалды күйзеліске бейім болуы ықтимал.Жұмыс барысында жеке қорғаныс құралдарын қолданудан туындаған қолайсыздықтар, өзіне немесе отбасы мүшелеріне COVID-19 инфекциясын жұқтырып алу қаупінің жоғары екендігін түсіну психоэмоционалды күйзеліске алып келетін басты факторлар ретінде танылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 9-14
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov