Комплексная дифференциальная диагностика фиброзной остеодистрофии: на основе собственных наблюдений
Зерттеудің мақсаты: өз тәжірибеміздегі бақылаулардың негізіне сүйене отырып, фиброзды остеодистрофиялардың кейбір түрінің кешенді ажыратпалы диагностикалық белгілерін сипаттау.Әдістері: Біз жалпы саны 51 науқасты бақыладық. Олардың 11-інде гиперпаратироидты остеодистрофия, 13-інде Педжет ауруы және 27 науқаста фиброзды дисплазия немесе фиброзды кортикальды ақау болды. Нәтижесі: Фиброзды остеодистрофиялардың сәулелік диагностикасы ажыратпалы тұрғыда күрделі болып келеді. Сондықтан қосымша зерттеулер диагнозды анықтауға көмектеседі. Сүйектің минералды тығыздығының төмендеуі әдетте Реклингхаузен ауруында жиі байқалады. Қандағы онкомаркерлердің зертханалық көрсеткіштері Реклингхаузен және Педжет ауруларында нормадан ауытқыған болады.Қорытынды: Денситометриялық зерттеулер қанның биохимиялық талдауларымен қоса алдын ала қойылатын диагнозды растап немесе жоққа шығаруға көмектеседі. Клиникалық көріністен, сәулелік денситометрия мен сүйек миындағы зат алмасудың онкомаркерлерін анықтаудан құралған кешенді диагностика фиброзды остеодистрофиялардың түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 30-34
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov