Анализ результатов ультразвукового исследования синдрома сдавления срединного нерва в карпальном канале
Зерттеудің мақсаты: жүйке тінінің маңындағы патологияны емдеудің тиімді тактикасын таңдау үшін карпальдық каналдағы ортаңғы жүйкенің қысылу синдромын ультрадыбыстық зерттеу нәтижелерін саралауӘдістері. Зерттеуге саусақ буындарының әр түрлі ауырлық деңгейдегі жарақаттық зақымдалулары бар 42 науқас қатысты.Нәтижесі. Біз зерттеген барлық науқаста да ортаңғы жүйкені сканерлеу кезінде оның проксимальды бөлігінің тығыздалуы және карпальдық каналдың дистальды бөлігіндегі жүйкенің қалыңдығының төмендеуі анықталып, осы көріністер туннель синдромының болуының негізгі ультрадыбыстық белгілері ретінде қарастырылды.Қорытынды. Ультрадыбыстық зерттеуді қолдану жүйкенің қысылу тұсының нақты орналасқан жерін анықтап, науқасты тексеруге кететін уақытты қысқартады. Сондай-ақ, жүйкенің құрылымының өзгеруін сипаттау арқылы науқас емінің ең тиімді тактикасын анықтауға мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 21-25
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov