Central AsianResearch Index

Малоинвазивное оперативное лечение переломов костей переднего тазового полукольца

Зерттеудің мақсаты: жамбас сүйегінің алдыңғы жартылай сақинасының сынуын хирургиялық емдеудің минималды инвазивті әдісін қолданудың тиімділігін бағалау.Әдістері. Зерттеу 2018-2020 жылдар аралығында Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының политравма бөлімінде хирургиялық ем алған алдыңғы жамбас жартылай сақинасының сынуы бар 70 науқастың қатысуымен жүргізілді. Олар негізгі және бақылау топтарына бөлінді. Негізгі топқа блоктаушы пластинамен остеосинтездің минималдыинвазивті техникасын қолдану арқылы ота жасалған 35 науқас кірді. Бақылау тобына остеосинтезі классикалық ашық әдіспен жасалған 35 науқас кірді. Зардап шеккендердің көпшілігі ер адамдар - 43 (61,5%) болса, ал әйелдердің саны - 27 (38,5%) болды. Оның ішінде жұмысшылар - 39 (55,7%), жұмыс істемейтіндер - 23 (32,8%), студенттер - 8 (11,4%) құрады. Жамбас сүйектерініңсыну себептері 46 (65,7%) науқаста - жол-көлік жарақаты, 24 (34,2%) науқаста кататравма болды. Зерттеуге қатысушы науқастардың ішінде жамбас сүйегінің оқшауланған жарақаты – 32 науқаста, ілеспелі жарақат – 28 науқаста, ал политравма 10науқаста болды.Нәтижесі. 23 науқаста (32,8%) операциядан кейінгі кезеңде асқынулар байқалды. Сакральды аймақта қысым жарасы 12,8% жағдайда, отадан кейінгі жара аймағындағы жұмсақ тіндердің қабынуы 9,9% жағдайда байқалды. Асқынулардың үлесі негізгі топта - 7%, ал бақылау тобында 27% құрады. Неврологиялық асқынулар негізгі топта - 1,4%, бақылау тобында - 5,7% жағдайда байқалды. Бұл деректер әртүрлі асқынулардың дамуы жарақаттың ауырлығымен ғана емес, сонымен бірге жүргізілген отаның да ауырлығымен байланысты екенін көрсетеді.Қорытынды. Алдыңғы жамбас сүйегінің жартылай сақинасының сынуының минималды инвазивті остеосинтез әдісі сынықты ерте кезеңде емдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қан жоғалтуды азайтады. Әдістің жарақаттау көлемі аз, инфекциялық және неврологиялық асқынулардың даму қаупін азайтады. Сондықтан ашық әдіспен салыстырғанда отадан кейінгі жаралардың жылдам жазылуына септігін тигізеді.

Сведения

Опубликовано
2021 · С. 15-20
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov