Central AsianResearch Index

Повреждение корня мениска: консервативное или оперативное лечение? Серия клинических случаев

Медиальді мениск түбірінің үзілуі - мениск патологияларының ішіндегі тізе буының остеоартрозының жылдам дамуына әкеліп соқтыратын себептердің бірі болып саналады. Артроздың дамуына әсер ететін факторлар қатарына аяқ осінің қисаюы, артық салмақ және жыныстық ерекшеліктері (әйелдерде жиі кездесетіндігі) жататындығы баршамызға белгілі. Мениск түбірінің зақымдалуы тізе буынының медиальді бөліміндегі үйкеліс қысымының артуына алып келеді. Ал менисктің артқы түбірінің тұрақсыздығы өз кезегінде менисктің жалпы қызметін бұзып, оның экструзиясын дамытады. Осылайша менисктің дене салмағын тізе буынының барлық бөлімдеріне біркелкі таратуына кедергі келтіреді. Мениск түбірінің анатомиялық құрылымын транстибиальді бекіту арқылы қайта қалпына келтіру менисктің медиальді бөліміндегі орташа және шың деңгейдегі байланыс қысымын биомеханикалық түрде қайта тұрақтандырады.Бұл қолжазбада консервативті және оперативті ем жүргізілген науқастардың бірнеше клиникалық жағдайы сипатталған. Сипатталған жағдайларда мениск түбірінің зақымдалуының клиникалық көрінісін ұсынылып, науқастарды консервативті немесе оперативті емдеудің нәтижелері талданған.

Сведения

Опубликовано
2021 · С. 57-62
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov