О реализации Дорожной карты по внедрению интегрированной модели оказания медицинской помощи при травмах и несчастных случаях
Зерттеудің мақсаты: 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасында жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу бойынша Жол картасын іске асыру нәтижелерін бағалау.Материалдары мен әдістері. Жарақаттанудан, уланудан және жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім, көліктік жазатайым оқиғаларынан болатын өлім-жітім, жарақат түрлері бойынша ауруханаға дейінгі және госпитальдық өлім-жітім, өзін-өзі өлтіруден және кісі өлтіруден болатын өлім-жітім сияқты 2019-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасында травматологиялық көмектің түйінді индикаторлары, сондай-ақ өңірлер бойынша травматологиялық көмектің негізгі көрсеткіштері талданды.Нәтижелері. 2020 жылдың 12 айында жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан болатын өлім-жітімнің республикалық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда (10 905 адам) 57,4-ті құрады, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 12,2%-ғатөмен. Жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан болатын өлім-жітімнің үлесі Қазақстанда барлық себептер бойынша өлімнің жалпы көрсеткішінде 7%-ды құрайды. Жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан болатын өлім-жітім құрылымында кісі өлтіруден болатын үлесі 6% (675 адам), өзін-өзі өлтіруден болатын өлім-жітім - 19% (2 161 адам), көліктік жазатайым оқиғалардан - 20% (2 171 адам) құрайды. Республика бойынша ауруханаға дейінгі өлім-жітім көрсеткіші 0,7% құрады. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының деректері бойынша 2020 жылы жарақаттармен және жазатайым оқиғалармен емделген науқастар санының 2019 жылмен салыстырғанда барлық өңірлерде (Шымкент қаласы мен Жамбыл облысын қоспағанда) 15% - ға төмендегені байқалады. Бұл, сондай-ақ, республиканың бүкіл аумағында карантиндік шаралардың енгізілуімен түсіндіріледі. Тиісінше стационарларда абсолютті цифрларда қайтыс болғандардың саны да дәл осындай үлеске төмендеді. Бірақ госпитальдық өлім-жітім көрсеткіші (стационарда қайтыс болғандар санының емделген науқастар санына қатынасы) 2019 жылғы деңгейде сақталып, 1,7%-ды құрады.Қорытынды. Жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу бойынша Жол картасының іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында 2019-2020 жылдары жарақаттардан, уланудан және жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету бойынша оң динамика бар. COVID-19 пандемиясына қатысты карантиндік шараларға қарамастан, травматологиялық-ортопедиялық бөлімшелердің жұмысы стандартты режимде жалғасты. Медициналық ұйымдарды бейінді мамандармен қамтамасыз ету, қажеттіжабдықтармен жарақтандыру жақсаруда.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 4-16
- Язык
- Русский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov