Результаты лечения больных с вертельными переломами бедренной кости с применением усовершенствованного фиксатора для остеосинтеза
Зерттеудің мақсаты: жамбас сүйегінің вертельді сынықтары бар науқастарда остеосинтез үшін жақсартылған фиксаторды қолдану арқылы жүргізілген оталардың нәтижелерін талдау.Әдістері. Зерттеуге жамбас сүйегінің вертельді сынығы бар 72 науқас қатысты. Негізгі топқа қатысқан (41,7%) науқасқа жамбас сүйегінің остеосинтезі жаңа құрылғыны (Қазақстан Республикасының 11.02.2019 жылғы №33450 патенті) қолдану арқылы жүргізілді. Отадан кейінгі оңалту жаңа әдістеме арқылы жүзеге асырылды (патентке өтініш берілген). Бақылау тобындағы 42 (58,3%) науқасқа PFN проксимальды жамбас шегесін қолданып ота жасалды, бұл топта оңалтудың дәстүрлі әдістері қолданылды.Нәтижесі. Жамбас сүйегінің вертельді сынықтары бар науқастарда остеосинтез үшін жақсартылған фиксаторды қолдану 96,5% жағдайда оң (жақсы және қанағаттанарлық) нәтиже алуға мүмкіндік берді. Бақылау тобында оң нәтиже 88,6% құрады. Негізі топта емнің қанағаттанарлықсыз нәтижесі бақылау тобымен салыстырғанда 3,2 есе сирек (11,4%-ге қарсы 3,5%) (р<0,001) болды.Қорытынды. Жамбас сүйегінің вертельді сынықтары бар науқастарда остеосинтез үшін қолдануға арналған жаңа құрылғы сынық консолидациясына дейін сүйектің сынған бөлшектерін тұрақты фиксациялауға мүмкіндік беріп, науқастардың ерте оңалуына көмектеседі.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 38-45
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov