Cellular Technologies Evolution in the Treatment of Reparative Regeneration Disorders of Bone Tissue in Long Tubular Bones
Аутотрансплантаттар, алло- және ксенотрансплантаттар ұзын сүйектердегі сүйек тінінің репаративті регенерациясының бұзылыстарын емдеудің заманауи стандарты болып табылады. Алайда бұл тәсілдердің сүйек тінінің трансплантация үшін қолжетімділігінің шектеулі болуы немесе иммундық жауаптардың орын алуы секілді кейбір кемшіліктері бар. Сондай-ақ, қазіргі қолданылып жүрген пластмассалық материалдар in vitro және in vivo зерттеліп, биоүйлесімділік және биомеханикалық қасиеттері бойынша оң нәтижелер көрсеткен. Сүйек тінін қалпына келтіру үшін қолданылатынимплантаттар да сүйектің тұнуы мен минералдануын жеңілдету үшін өзара әрекеттесе алатын дәрілік заттармен, өсу факторларымен және мезенхималық дің жасушаларымен үйлескенде оң нәтиже көрсетті. Нано- және микробөлшектерді тиімді емдік концентрацияда пайдалану олардың уақыт өте келе теріден босап шығарылу қасиетін арттыруға мүмкіндік береді.Бұл жүйелер остеогенез процесін күшейтіп, сүйек регенерациясын жылдамдатады. Дегенмен, клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелеріне қарамастан, бұл жүйелерді пайдалану әлі де болса қосымша клиникалық сынақтардан өтуді қажет етеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 17-23
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov