Central AsianResearch Index

Қазақстан Республикасында травматология және ортопедия саласы бойынша медициналық өнімдерді қолдануда импортты алмастыру мәселері. Саясатты құруға арналған аналитикалық шолу (Policy Brief)

ТүйіндемеҚазақстанның травматология және ортопедия саласында қолданылатын медициналық өнімдердің импортқа толық тәуелді. Салада импортты алмастыруға бағытталған іс-шаралардың бастамасы болғанымен, өндіріс қаражат жеткіліксіздігі себебінен қарқынды дамымай келеді.Мәселелерді шешу үшін біз ұсынатын саясат нұсқалары:• 1-ші нұсқа. Травматология және ортопедия саласында қолданылатын медициналық отандық өнімдер өндірісін дамытуды аяқтандыру үшін нормативті-құқықтық және экономикалық, әсіресе инвестиция тарту мәселелерінде мемлекет тарапынан қолдау көрсету;• 2-ші нұсқа. Травматология және ортопедия саласында қолданылатын медициналық өнімдер өндірісінің бәсекеге қабілетті дәрежеде дамуы мен импортты толыққанды алмастыру мүмкіндігіне жетуі үшін осы процесске қатысушы тараптардыңөкілдерінің кәсіби деңгейін жоғарылату;3-ші нұсқа. Травматология және ортопедия саласында отандық медициналық өнімдердің клиникалық әсерлілігі мен қауіпсіздігі бойынша дәлелдемелі клиникалық базаны қалыптастыру үшін көпжылдық кешенді ғылыми-тәжірибелік бағдарлама құрастыру.Біз ұсынған саясаттың үш түрі бірін-бірі өзара толықтыруға бағытталған. Аталмыш саясат нұсқаларын біріктіріп жүзеге асыру отандық травматология және ортопедия саласында қолданылатын медициналық өнімдердің өндірісін дамытуда септігін тигізеді.Травматология және ортопедия саласында қолданылатын медициналық өнімдер (протездер, импланттар, түрлі пластиналар және т.б.) бойынша импортты алмастыру экономикалық тұрғыда өте тиімді. Алайда отандық өндірістіаяқтандыру үшін мемлекет тарапынан нормативті-құқықтық және экономикалық қолдау қажет болса, ал өндіруші тараптан оның өз потенциалын жетілдіруі керек.Салада қолданылатын медициналық өнімдер өндірісін аяқтандырып, импортты алмастыруға қол жеткізген соң, дайын тауарларды өткізу нарығын (экспорт) жетілдіруге байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Сондықтан отандық травматология және ортопедия саласында импортты алмастырудың алдымен ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған«вертикалды» стратегиясы қолайлы болмақ.

Сведения

Опубликовано
2021 · С. 4-11
Язык
Казахский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov