The Dynamics of Indicators of Industrial Injuries in Karaganda Region
Зерттеудің мақсаты. Қарағанды облысындағы өндірістік жарақаттану көрсеткіштерінің динамикасын салыстырмалы түрде саралау.Әдістері. Мақалада сипаттамалы статистика әдісі арқылы Қарағанды облысындағы өндірістік жарақаттану көрсеткіштері бойынша 2015-2019 жылдардағы мәліметтер талданып, жазатайым оқиғалардың салдарынан туындаған материалдық шығындар сараланды.Нәтижесі. Қарағанды облысында еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шегушілердің саны 100 мың тұрғынға есептегенде республикалық көрсеткіштерден 2,5 есе, ал өлім-жітім саны 2,2 есе жоғары. Өндірістегі өлім-жітімнің жиілігі 5 жылдық мерзім ішінде біршама төмендегені анықталды: 2015 жылы бұл көрсеткіш 9,9% болса, ал 2019 жылы 9,9%-ды құраған. Алайда материалдық шығын 1,2 есеге өскен. Қорытынды. 2015-2019 жылдар арасында Қарағанды облысында өндірісте зардап шегушілердің саны азайған. Алайда өндірістік жарақаттану деңгейі әлі де жоғары. Бұл өз кезегінде өндіріс орындарын еңбек жағдайы бойынша аттестациялау рәсімін және тау-кен өнеркәсібінде еңбек шарттарын сақтау бойынша нормативті-құқықтық базаны жетілдіру қажет екенін білдіреді.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 32-37
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov