Central AsianResearch Index

Импрегнация антибиотиком костного аллографта заготовленного по Марбургской системе. Оригинальный метод

Зерттеудің мақсаты. Марбург жүйесі бойынша дайындалған сүйек аллографтын антибиотикпен импрегнациялаудың түпнұсқа әдісін құрастыру.Әдістері. Жұмыс шартты түрде үш кезеңге бөлінді (тәжірибелік зерттеу аясында). Зерттеудің бірінші кезеңінде профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың базасында сүйек аллографтын жинақтап, дайындау жүзеге асырылды. Бұл кезеңде артропластика кезінде алынған сан сүйегінің басы сүйек банкінің Марбург жүйесі бойынша термиялық жолмен өңделді. Екінші кезеңде термотұрақтылық қасиетін бағалау әдісі арқылы импрегнация үшін тиімді антибактериалды препарат таңдалды. Термотұрақтылық қасиетін бағалау Қарағанды медициналық университетінің микробиологиякафедрасында жүзеге асырылды. Зерттеудің үшінші кезеңінде импрегнация әдісін құрастыруға бағытталған тәжірибелік жұмыс пен импрегнацияланған сүйек аллографттарының антибактериалды әсерлілігін бағалау жүргізілді.Нәтижесі. Құрастырылған перфорациялаушы құрылғы арқылы түпнұсқа әдіспен тесілген (бұл әдіс бойынша патент рәсімделген) және термиялық жолмен өңделген, сосын антибиотик сіңдірілген сүйек аллографтының бактерия өсу зоналарын басқа топтармен салыстырғанда 2,5 есеге дейінгі (p = 0,01) жиілікте көрсетті.Қорытынды. Ұсынылған сүйек аллографты биоыдырау қасиетіне ие, әрі өзінің физикалық және механикалық сипатына қарай аутосүйекке ұқсас болып табылады. Перфорациялауға арналған арнайы құрылғы арқылы түпнұсқа жолмен сүйек аллографтын тесу тиімді импрегнациялау әдісі болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2021 · С. 25-31
Язык
Русский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov