Результаты исследования минеральной плотности костной ткани у детей и подростков с низкоэнергетическими переломами длинных костей
Зерттеудің мақсаты: балалар мен жасөспірімдерде ұзын сүйектердің сынығы жағдайында сүйек тінінің минералды тығыздығының бастапқы көрсеткіштерін анықтау және D дәруменінің деңгейін бағалау.Әдістері. Біз ұзын сүйектердің сынығы бар 6 және 18 жас аралығындағы жалпы саны 49 балалар мен жасөспірімдердің (39 (84,8%) - ұл бала және 7 (15,2%) - қыз бала) денситометриялық және зертханалық тексеру көрсеткіштерін сараладық. Сүйек тінінің минералды тығыздығын еуропалық құқықтық база мәліметтерін қолдана отырып, сүйек DMS STRATOS денситометрінде (Франция) екі энергетикалық рентгендік абсорбциометрия жасау жолымен бағаладық.Нәтижелері. Сынығы бар 9 балада I деңгейдегі остеопения, бір науқаста II деңгейдегі остеопения, ал 5 науқаста I деңгейдегі остеопороз бар екендігі анықталды. Ал қалған 31 балада сүйек тінінің минералды тығыздығы қалыпты жағдайда болды. Ұл балалардың 56,4%-ы мен қыз балалардың 57,1%-ында кальций деңгейінің төмендігі, ұлдардың 94,8%-ы мен қыз балалардың 100%-ында сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы сүйек құрылымы бұзылыстарының болуынан көрініс береді. Сондай-ақ, ұл балалардың 61,5%-ы мен қыз балалардың 57,1%-ында D дәруменінің жеткіліксіздігі анықталды.Қорытынды. Балалар мен жасөспірімдердегі ұзын сүйектердің төмен энергетикалық сынықтарында сүйек тінінің минералды тығыздығының төмен болуы мен D дәруменінің жеткіліксіздігі, сынықтың бітісуінде осы көрсеткіштердің маңыздылығын ескере отырып, өз кезегінде анықталған бұзылыстарды келесідегідей түзетуді талап етеді: емнің неғұрлым жұмсақ әдісін таңдау, тағайындалған емнің әсерлілігін мерзімді бақылау, остеопорозы расталған науқастарда сүйек тінінің минералды тығыздығын мерзімді түрде бақылау.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · С. 19-24
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2789-9632 · 2789-9640
- Издатель
- National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov