Central AsianResearch Index

Mid-Term Results of Two-stage Revision Total Knee Arthroplasty for Infected Total Knee Arthroplasty

Кіріспе. Қазіргі таңда тізе буынын эндопротездеу ең кең тараған хирургиялық ем түрі болып табылады. Тізе буынын толық эндопротездеуден кейін жұқпаның қосылуы бұл науқастарда кездесетін аса қауіпті асқыну болып табылады және осы жағдай клиникалық болжамға теріс әсер етіп жатады. Жұқпаның қосылуы отадан кейінгі алғашқы екі жыл ішінде 1,5% жағдайда кездессе, одан кейінгі жылдары аталмыш көрсеткіш 0,5% дейін сирейді. Зерттеудің мақсаты: Тізе буынын толық эндопротездеуден кейінгі кезеңде жұқпа енуі жағдайларында екі кезеңді қайта толық эндопротездеудің орта мерзімді нәтижелерін зерттеу.Материалдары мен әдістері. Зерттеуге отадан кейін тізе буыны эндопротезінің жұқпасы дамыған 31 науқас (22 әйел мен 9 ер адам) қатысты. Барлық науқастарға тізе буынының екіншілікті толық эндопротездеуі жүргізілген болатын.Науқастардың орташа жасы 68,78 жасты құрады. Біздің зерттеу жұмысымызда Америкалық тізе буыны қауымдастығының балл жүйесі қолданды. Нәтижесі. Тізе буынының екіншілікті толық эндопротездеуі жүргізілген науқастардағы отаға дейінгі көрсеткіш 35,43±7,14 балл болса, осы көрсеткіш отадан кейінгі кезеңде 83,27 ± 8,89 балл болды (p <0,01).Қорытынды. Біз екі кезеңді ревизиялық эндопротездеу әдісін тізе буынының толық эндепротездеуінен кейін жұқпаныңқосылуы жағдайларын хирургиялық емдеудің тиімді жолы деп санаймыз.Анатомиялық құрылымына сай буын сызығын қалпына келтіру оң клиникалық нәтижеге қол жеткізуге өз септігінтигізеді. Ал протездің қалпын тұрақтандыру үшін ұзын аяқшаны қолдану сүйек тінінің ақауы болған жағдайда буын қызметінқалпына келтіруге мүмкіндік береді

Сведения

Опубликовано
2021 · С. 12-18
Язык
Английский
ISSN
2789-9632 · 2789-9640
Издатель
National Scientific Center of Traumatology and Orthopaedics named after Academician N.D. Batpenov