Central AsianResearch Index

Қазақстан халқының субъективті әл-ауқатындағы тұлғааралық сенімнің рөлі: өңірлік айырмашылықтар

Мақалада өңірлік айырмашылықтарды ескере отырып, Қазақстан халқының субъективті әл-ауқатындағы тұлғааралық сенімнің рөлі қарастырылады. Жалпыұлттық сауалнама деректері негізінде (N = 3006, Қазақстанның 20 өңірі) Спирменнің рангтік корреляция коэффициентін қолдану арқылы жақын әлеуметтік ортаның қарастырылған сегіз санатының барлығына деген сенімнің жалпыұлттық деңгейде өмірге қанағаттанумен оң және статистикалық мәнді байланыста екені анықталды. Алайда бұл байланыстың күші, ал жекелеген жағдайларда бағыты да өңірлер бойынша едәуір ерекшеленеді. Күтілген нәтижелерге қарамастан, от-басы мен жақын туыстарға деген сенім деңгейі ең жоғары болғанымен (тиісінше 98,4% және 96,1%), олардың субъективті әл-ауқатпен байланысы салыстырмалы түрде әлсіз болып шықты. Ал басшыға/жұмыс берушіге және көршілерге деген сенім неғұрлым ақпараттық предикторлар ретінде көрінді. Өңірлер бойынша ең тұрақты байланыс басшыға/жұмыс берушіге деген сенімге қатысты анықталды, бұл көрсеткіш іс жүзінде барлық өңірлерде статистикалық мәнді болды. Соны-мен қатар теріс байланыстың жекелеген жағдайлары да анықталды (Ақтөбе об-лысы). Зерттеу нәтижелері партикулярлық және жалпыланған сенім теориясының Қазақстан жағдайында қолданылуын нақтылай түседі және өңірлік әлеуметтік сая-сат үшін практикалық маңызға ие.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 91, № 3
Язык
Казахский
Издатель
Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
Аффилиации
Философия, саясаттану және дінтану институтының Әлеуметтану орталығының жетекшісі
Жоғары экономика мектебі Ұлттық зерттеу университетінің профессоры; Философия, саясаттану және дінтану институтының Әлеуметтану орталығының жетекшісі