СТУДЕНТТІК КЛУБТАР УНИВЕРСИТЕТ ОРТАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕХАНИЗМІ РЕТІНДЕ (ALMAU КЕЙСІ НЕГІЗІНДЕ)
Бұл мақалада студенттік клубтар мен қауымдастықтардың уни-верситет ортасында қоғамдық сенімді қалыптастыру және әлеуметтік капи-талды жинақтау механизмі ретіндегі рөлі жан-жақты зерттеледі. Зерттеудің әдіснамалық негізі теориялық талдау мен Almaty Management University (AlmaU) студенттік клубтарының қызметін зерделеуге бағытталған кейс-стади әдісінің жиынтығынан тұрады. Жұмыс барысында В. Тинтоның интеграция теориясы, А. Астиннің қатысу моделі, Р. Майердің ұйымдық сенім концепциясы және Р. Патнэмдің әлеуметтік капитал теориясы негізге алынды. Зерттеу нәтижелері студенттік клубтардың студенттерді әлеуметтік интеграциялаудың негізгі арна-сы екенін, сондай-ақ «көпірлік» (bridging) әлеуметтік капиталды дамыту арқылы сыртқы байланыстарды нығайтатынын көрсетті. Студенттік ұйымдар азаматтық қоғамның «институционалдық шағын моделі» ретінде қарастырылып, онда қалыптасқан әлеуметтік капитал демократиялық институттардың тұрақтылығын анықтайтын фактор ретінде негізделген. Сонымен қатар мақалада студенттік бастамаларды институционалдандыру процесі мен психологиялық қауіпсіздік жағдайларының университет әкімшілігі мен студенттер арасындағы вертикал-ды сенімді арттырудағы маңызы негізделген. Тұжырымдар студенттік өзін-өзі басқарудың мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асырудағы және қоғамның саяси мәдениетін жаңғыртудағы стратегиялық маңызын дәлелдейді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 91, № 3
- Язык
- Казахский
- Издатель
- Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ қауымдастырылған профессоры
«Алматы Менеджмент Университеті» ББМ зерттеушісі, с.ғ.к
«Алматы Менеджмент Университеті» ББМ оқытушысы, хат-хабарға жауапты автор