ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Авторлар ғылыми мақалада цифрлық ортадағы жастардың саяси әлеуметтенуі мәселесінің әлеуметтік-саяси салдарын қарастырады. Мәселені зерттеу барысында авторлар саяси-әлеуметтанулық әдіснамамен қатар пәнаралық тәсілді қолданады. Әлемдік өркениетте ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен виртуалды коммуникациялардың кеңінен таралуы әлеуметтену процесінің си-патын түбегейлі өзгертті. Сондықтан адамзат өркениетінің даму тәжірибесінде қалыптасқан әлеуметтену процесінің өзгеріске ұшырауына орай және ақпараттың бастапқы көзі ретінде виртуалды ресурстардың басымдыққа ие болғанына байла-нысты цифрлық қоғамдағы жастардың саяси әлеуметтену ерекшеліктеріне талдау жасалды. Сонымен бірге, зерттеуде виртуалды кеңістік жағдайындағы жастардың саяси әлеуметтенуінің жағымды және жағымсыз тұстары анықталып, цифрлық және дәстүрлі әлеуметтенудің интеграциясы мен үйлесімділігі көрсетілді. Зерттеу-де саяси ғылымда белгілі ғылыми объективтілік, жүйелілік-құрылымдық, тарихи-салыстырмалы, салыстырмалы-саяси талдаулар, сараптамалық және логикалық талдау әдістері қолданылды. Осы әдістер зерттеу тақырыбын жүйелі түрде талдауға және цифрлық қоғамдағы жастардың саяси әлеуметтену процесін жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін айқындауға мүмкіндік берді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 91, № 3
- Язык
- Казахский
- Издатель
- Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- Абай aтындaғы Қaзaқ ұлттық педагогикалық университетiнің гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі
Astana IT University жалпы білім беру пәндері мектебінің қауымдастырылған профессоры
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері