ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КАПИТАЛ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІК
Роберт Патнам ұсынған этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік ка-питал (әлеуметтік сенім және нетворкинг) арасындағы теориялық тұжырымға сүйеніп, этникалық әртүрлілік сенімнің төмендеуіне және АҚШ контекстінде нетворкингтың құлдырауына әкеледі деп санайды. Салдарынан жеке адамдар тасбақадай қабығына тығылып, қоғамдық өмірден алшақтайды. Бұл мақала этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім мен нетворкингтың Қазақстандағы ара-қатынасын зерттеуге бағытталған. Зерттеуде Дүниежүзілік құндылықтар деректері (2018-2020) және Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы деректері қолданылады. Мақалада Этникалық әртүрліліктің Хиршман-Херфин-даль индексін есептеу арқылы Қазақстан аймақтары этникалық біртекті және гетерогенді аймақтарға бөлінген. Сонымен қатар, Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласы бойынша әлеуметтік сенім мен не-творкинг туралы деректер Дүниежүзілік құндылықтар зерттеуінен алынған. Этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім/нетворкинг арасындағы байланыс корреляциялық талдау арқылы зерттеледі. Нәтижесінде этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім кері байланыста екені көрсетіледі, ал нетворкинг пен этникалық әртүрлілік арасында статистикалық тұрғыда тұрақты байланыс жоқ екені көрсетіледі.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 990, № 2
- Язык
- Казахский
- Издатель
- Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доценті, PhD
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, PhD
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің докторанты
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты