Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТИІМДІЛІГІ

Мақалада Қазақстан Республикасында мемлекеттік активтерді басқару тетіктерін стратегиялық жаңғырту мәселелері және олардың институционалдық тиімділігі жан-жақты зерттеледі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі экономикадағы мемлекеттік сектор үлесінің жоғары болуымен және мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру қажеттілігімен негізделеді. Мақалада мемлекеттік активтерді басқарудың қолданыстағы жүйесін талдау, институционалдық шектеулерді айқындау және оны жетілдіру бағыттарын ғылыми тұрғыда негіздеу мақсат етілген. Зерттеу барысында институционалдық, салыстырмалы және жүйелік тәсілдер қолданылды.Талдау нәтижесінде басқару жүйесінің тиімділігі әркелкі сипатқа ие екендігі, агенттік мәселелердің бар екендігі және ашықтық деңгейінің жеткіліксіздігі анықталды. Осыған байланысты институционалдық, экономикалық-аналитикалық және технологиялық блоктарды қамтитын жаңғыртудың тұжырымдамалық моделі ұсынылды. Сонымен қатар, басқару тиімділігін арттыру үшін негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) және цифрлық басқару құралдарын енгізу қажеттілігі негізделді. Ұсынылған шараларды іске асыру мемлекеттік басқару сапасын арттыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 990, № 2
Язык
Казахский
Издатель
Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
Аффилиации
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғалым хатшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің магистранты
«QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ Экономикалық интеграция дирекциясының бас сарапшысы, экономика ғылымдарының кандидаты
«Astana IT University» ЖШС Цифрлық мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты