ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОНФЕССИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫ: КЕЗЕҢДІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ТАЛДАУ
Мақала Қазақстан Республикасының конфессиялық кеңістігін мемлекеттік реттеудің саяси стратегиясын кезеңдік және аймақтық талдау арқылы зерттейді. Зерттеудің негізгі гипотезасы: Қазақстанның конфессиялық саясаты аймақтық конфессиялық диспропорцияны есепке алмайтын бірыңғай ұлттық стратегия нысанында жүзеге асырылуда, бұл оның превентивтік тиімділігін жүйелі тұрғыда шектейді. Контент-талдау мемлекеттік нормативтік дискурстың үш семантикалық кезеңнен – «бостандық» → «бақылау» → «қауіпсіздік» өткенін айқындайды. Кезеңдік талдау либерализация (1991-2000), институционализация (2000-2015) және секьюритизация (2015-бүгінгі күнге дейін) кезеңдерінің ішкі логикасын ашады. Аймақтық деректер Қазақстан территориясын конфессиялық саяси тәуекелдің үш аймаққа нақты бөлінетінін дәлелдейді: оңтүстік моноконфессиялық, солтүстік биконфессиялық және мегаполистік белгісіздік аймағы. Зерттеу тұжырымдары конфессиялық кеңістікті реттеудің дифференцирленген аймақтық стратегиясын қалыптастыруға арналған саяси ұсынымдардың ғылыми негізі ретінде қызмет ете алады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 990, № 2
- Язык
- Казахский
- Издатель
- Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор
«Тұран» университетінің қауымдастырылған профессор-зерттеушісі, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының вице-президенті
Ж.А. Ташенев атындағы университеттің аға оқытушысы, (PhD)