ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЕҰ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
Бұл мақалада Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері уақытта мемлекеттік билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өзара іс-қимылының эволюциясы, институционалдануы және практи-калық нәтижелері қарастырылды. Мемлекеттік саясатты талдаудың сапалық тәсілін қолдана отырып, зерттеу үшінші сектордың дамуын қалыптастырған заңнамалық базаны, тұжырымдамалық мемлекеттік құжаттарды, азаматтық форумдарды және қаржыландыру тетіктерін зер-делейді. Нәтижелер Қазақстанда мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы әріп-тестіктің салыстырмалы түрде тұрақты моделі қалыптасқанын көрсетеді және қолдаудың формальді құралдары мен консультациялық платфор-малар арқылы іске асып отырғаны анықталды. Сонымен қатар, ҮЕҰ дамуында өңірлік теңсіздік, қатысу мәселелеріндегі формализм және ҮЕҰ көрсететін қызметтердің сапасын бағалаудың шектеулілігі сияқты жүйелі проблемалар сақталуда. Мақала посткеңестік елдердегі азаматтық қоғам-ның дамуын түсінуге үлес қосып, үшінші секторды дамытуда инклюзивті басқаруды нығайту бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 990, № 2
- Язык
- Казахский
- Издатель
- Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институты» директорының орынбасары, PhD
ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институты» директоры, PhD, қауымдастырылған профессор, хат-хабарға жауапты автор