Central AsianResearch Index

ӘЛЕМДІК ГЕОСАЯСИ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Мақалада қазіргі кездегі әлемдік геосаяси тұрғыдағы күрделі жағдайдың жалпы үрдістері мен заңдылықтары қарастырылып, қалыптасқан саяси жағдайларға әлемдік көшбасшылыққа талас барысындағы жаңа әлемдік тәртіп құру бойынша көзқарастар мен теорияларға талдау жа-салынады. Әлемдік саясаттың негізгі проблемаларының желісінде және жалпы теориялық көзқарастар шеңберінде тәжірибелік мәселелер айқындалады. Геосаяси жағдайдың тұрақсыздыққа ұшырауының негізгі себептерінің бірі ретінде, геосаяси дуалистік заңдылық шегінде теңіз державалары мен құрлықтық державалар арасындағы ұзақ тари-хи жолы бар күрестің көрінісі қарастырылады. Жаңа геосаяси актор-лар ретіндегі трансұлттық компаниялардың рөлі және мемлекеттердің егемендігіне ықпалы деңгейіне талдау жасалынады. Геосаяси тұрғыдағы стратегиялық маңызы бар ресурстар үшін бәсекелестік, аумақтық да-улар, мемлекетаралық кикілжіңдер, түрлі аймақтардағы қақтығыстар жаһандық тұрақтылыққа төнетін негізгі қатерлер түрінде қарастырылады. Геосаяси жағдай және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің өзара байланысы қарастырылады. Орталық Азия аймағының геосаяси жағдайы, мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілу деңгейі зерттелінеді. Орталық Азия аймағына қатысты Батыс әлемі, Қытай, Ресей, Түркия түріндегі аймақтық жетекші күштердің геосаяси мүдделеріне са-лыстырмалы талдау жасалынады. Жаһандық жағдайдағы әлемдік саяси үдерістер шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 88, № 4
Язык
Казахский
Издатель
Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan