МЕМЛЕКЕТТІК ОТБАСЫ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ТАЛДАУ
Бұл мақалада отбасы саясатының теориялық негіздері талданып, шетелдік, ресейлік және отандық зерттеушілердің тұжырымдамалық көзқарастары салыстырмалы түрде қарастырылды. Зерттеу нәтижелері «отбасы саясаты» ұғымының ғылыми ортада бірыңғай анықтамасы қалыптаспағанын көрсетті. Еуропа елдерінің тәжірибесін талдау еңбек пен жеке өмірдің тепе-теңдігін сақтау, гендерлік теңдікті ілгерілету және ата-аналарды әлеуметтік қолдау тетіктерінің отбасылық саясаттың тиімділігін арттыратынын айқындады. Ресейлік ғылыми зерттеулерді жүйелеу отбасы саясатының әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатынын көрсетті. Отандық еңбектерді талдау Қазақстанда отбасы саясатының әлеуметтік-демографиялық аспектілермен тікелей байланысты екені анықталып, бұл мәселелердің жеткілікті деңгейде зерттелмегенін айқындалды. Осыған байланысты әлеуметтік-мәдени бейімделу, жастар құндылықтары, гендерлік саясаттың әсері және отбасы инфрақұрылымының тиімділігі болашақ зерттеулердің маңызды бағыттары ретінде белгіленді. Мақалада отбасы саясатын жетілдіруге қатысты негізгі ұсыныстар жасалынып, оның демографиялық стратегиямен үйлесімділігі, экономикалық ынталандыру тетіктерімен байланысы, цифрлық қызметтердің кеңеюі және дәлелге негізделген мемлекеттік саясаттың маңыздылығы айқындалады. Зерттеу нәтижелері отбасы саясатының әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін көрсетеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 88, № 4
- Язык
- Казахский
- Издатель
- Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan